[:ru][:kz][:]

    Тәуекел

    Телехикаяда білім беру саласының жас маманы Сардар Ахметовтың өмір жолы баяндалады. Ісіне адал, білімді, халық ағартушылығына үлес қосып жүрген, болашағынан үлкен үміт күттіретін Сардарға үнемі Ар мен Парыз мәселесі кезігіп отырады. Телехикаяда оқу-білім тақырыбы мен қатар, шынайы махаббат, сатқындық және отбасылық құндылықтар сипатталады. Туындының әр бөлімінде өткен тарихи оқиғалар қысқаша баяндалады. Осы арқылы көрермен 100 жыл бұрынғы мәселелерді бүгінгі мәселелермен салыстыра отырып, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, сауат ашу мен қазақ тілі ғылымының ережелерін жасаушы және жаппай халық ағарту қозғалысының жақтаушысы - Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ақиқатты оқиғаларды білуге болады.